Бокс
15 маусым 09:49

Теміржанов Әлем кубогі кезеңінде Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйлады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабаралйды Vesti.kz

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финалында Теміржанов Германия боксшысы Денис Брильмен қолғап түйістіріп, төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

17 маусым күні Серік Теміржанов келесі кезеңде үндістандық Анмол Анмол мен америкалық Салим Эллис Бей арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Салим Эллис Бей World Boxing Әлем кубогының Бразилияда өткен алғашқы кезеңінің күміс жүлдегері саналады. Сондай-ақ ол "Странджа кубогы-2026" турнирінде де күміс медаль жеңіп алған.

Егер Теміржанов келесі жекпе-жекте де жеңіске жетсе, ширек финалда Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковпен кездесуі мүмкін.

Еске салсақ, Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар ол 2022 жылғы Азия чемпионатында да күміс медаль иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport