Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-1, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жектен кейін пікір білдірді.
"Барша жанкүйерлер, таныстар мен достарға сәлем. Головкинмен жекпе-жек нәтижесін білесіздер. Қиын боларын білдім, әр соққы ауыр тиетінін. Құлаған сайын тұрып, айқасты жалғастырғым келді. Жетінші раундтан кейін төреші келіп, жекпе-жекті менің денсаулығым үшін тоқтатамын деді. Бұл бір жағынан дұрыс шешім. 12-ші раундқа дейін барсам да, кездесу нәтижесін өзгерте алмас едім. Бесінші, не алтыншы раундтан кейін қол-аяғым маталып қалғандай болды, айқасқан жалғыз жүрек қана. Головкин - жоғары лига. Мен тек жеңіліп қалған жоқпын, тамаша тәжірибе жинадым. Шынын айтқанда, осы кездесуден жинағаным, алдыңғы 21 жекпе-жектен алғанымнан көп. Әзірге болашақ туралы ойлап, жоспарлар туралы сөйлегім келмейді. Тамаша отбасым отырған үйіме оралғым келеді, оларды өмірімнен артық сүйемін! Қолдау үшін бәріне рахмет! Әзірге демалып, кей дүниелерге ой жүгірткім келеді. Өйткені мені намыстан ауыр ештеңе жараламайды. Құлақ пен жақ жазылар... Мінезге не болар екен... Дегенмен, Польша үшін дегім келеді", - деп жазыпты Шеремета Facebook желісінде.