"Тек чемпиондар". Сарапшы Қанат Исламның "Канеломен" жұдырықтасу ықтималы жайлы

Қанат Ислам. Сурет: instagram.com/islamkanatqaza

Қанат Ислам биікке көтерілетін мүмкіндігін жіберіп алды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық бокс сарапшысы Ли Кормли осындай пікір білдірді. Сонымен қоса, ол қазақстандықтың Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасу мүмкіндігі туралы да айта кетті. 

"Қанат Ислам болашағы зор боксшы есептеліп келген еді. Бірақ оны тежеген жарақаттар болды. Кейінгі төрт жылда ол рингке санаулы рет қана шықты. Кезекті оралу сәтті болды, бірақ, енді жарқ ете қоймас. Бұл боксшы бабында болған шағын өткізіп алды. Бір-екі жақсы жекпе-жек көретін шығармыз, алайда, орта салмақта құбыжықтар тым көп. Мұндай қатерлі ортада ол жетістікке жете қоймас. Ал "Канеломен" айқас мүмкін емес. Мексикалықтың кестесі алдағы екі жылға белгілі. Онда тек чемпиондар мен атақты боксшылар ғана. Қанат Ислам "Канелоның" көзіне түсетіндей мықты емес", - дейді Кормли. 

Еске салайық, 21 ақпан Майамиде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен жұдырықтасып, жетінші раундта нокаутқа түсірді. Жекпе-жектен кейін қазақ боксшы Альваресті айқасқа шақырды, ал оның промоутері Нельсон Лопес мамырда және қыркүйекте жекпе-жектер өтетінін мәлімдеді. 

Жаңалықтар