Бокс
Бүгін 10:42

Таза сабады. Ауыр салмақтағы қазақ боксшының айқасы нокдаунмен бітті

©СДД

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан беделді Boxam Elite халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Сағындық Тоғамбай Франция боксшысы Кандоро Сукунамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының басымдығымен өтіп, төрешілердің ортақ қабылдаған шешімімен Сағындық жеңіске жетті - 5:0. Айта кетейік, екінші раундта Тоғамбай қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы кемі қола жүлдеге кежітп отыр.

Еске салайық, Boxam Elite–2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығы өтуде және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарды қамтиды. Ерлер құрамасында Қазақстан атынан 10 салмақ дәрежесінде 18 боксшы, ал әйелдер арасында 9 салмақта 14 боксшысы жарысқа келген.

Бұл турнирдің маңызын арттыра түсетін жайт - Boxam Elite–2026 Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс болып отыр. Ол бұл қызметке 10 қаңтарда тағайындалып, Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport