Бокс
5 қыркүйек 16:15
 

Таза жеңіс! Қазақстандық боксшы 2025 жылғы ӘЧ-де бірніші айқасын өткізді

  Пікірлер

blog.share

Таза жеңіс! Қазақстандық боксшы 2025 жылғы ӘЧ-де бірніші айқасын өткізді ©Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы қыз Карина Ибрагимова Ливерпуль қаласында (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы бірінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы қыз Карина Ибрагимова Ливерпуль қаласында (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы бірінші айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда ол грекиялық Панайоту Кузилумен кездесті.

Үш раундтың барлығы қазақстандық спортшының пайдасына аяқталып, қазылар алқасы бірауыздан 10:9, 10:9, 10:9 есебімен жеңісті Каринаға берді.

Келесі кезеңде Ибрагимова словакиялық Бибиана Ловасова мен Англиялық Элис Глинн жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, Ибрагимова 2023 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері. 2023 жылғы әлем біріншілігінде күмісін алған. Бұдан бөлек, қазақстандық спортшы 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарында да күміс иеленген.

Айта кетейік, Кузилу 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионы.

Сонымен қатар, бүгін Ливерпуль рингінде Қазақстан атынан Аида Әбікеева жұдырықтасады. Ол 1/16 финал кезеңінде 65 келіде венгриялық Луца Хаморимен кездеседі. Бұл жекпе-жек күндізгі сессия аясында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!