Ауыр салмақта жұдырықтасқан бұрынғы боксшы Джулиус Фрэнсис мас адаммен болған оқиғадан кейін күзетші лицензиясынан айырылды.
Лондондағы Boxpark Wembley ойын-сауық паркінде ол ер адамды бір соққымен есінен тандырған еді.
"Лицензиямның күшін тоқтатып тастады, сондықтан жұмыс істей алмаймын. Бұл мәселені шешіп, жұмысыма оралуға тырысып жатырмын", - деп береді Френсистің сөзін TMZ.