Бокс
28 мамыр 2025 13:02

Тайсон мойындаған Кроуфорд тарихтағы ең ұлы чемпионды атады

©

Төрт салмақта чемпион және екі дивизионда абсолют болған америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) тарихтағы ең мықты боксшыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, мұндай атақ аңызға айналған Мұхаммед Әлиге тиесілі.

"Мұхаммед Әли. Көп адам Шугар Рэй Робинсонды атайды, бірақ, мен оның көп жекпе-жегін көрген жоқпын, өйткені ол өте ертеде жұдырықтасқан. Дегенмен, оны көрген адамдар оны ең ұлы боксшы деп атайды. Бірақ мен үшін бұл — Мұхаммед Әли», — деп келтіреді Кроуфордтың сөзін Fox Sports.

Сондай-ақ Теренс өзінің не себепті осындай таңдау жасағанын түсіндірді.

"Тек рингтегі жетістіктері үшін емес, сонымен қатар ол күрескен құндылықтар үшін де. Ол адам құқықтары, өз халқы үшін күресті… ондай адамдар аз. Ол соның бәрін істеді, түрмеге де отырды, өйткені өзіне зиян келтірмеген адамдармен соғысқысы келмеді. Мұхаммед Әли – берік ұстанымы бар адам болды", - деді Теренс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport