Тайсон мойындаған! Әлемдегі ең мықты боксшы карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

©vRINGe.com

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған және pound-for-pound рейтингінде көшбасшы, жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) карьерасын аяқтайтынын меңзеді, деп жазады Vesti.kz.

"Сіздер үшін тағы бір жекпе-жекке шығар едім, мүмкін шықпаймын, өйткені сіздер көріп тұрған ұлылықты бағаламайсыздар", - деп жазаыпты Кроуфорд әлеуметтік желіде. 
 

Теренс 2023 жылдың 30 шілдесінде өткізген кейінгі айқасында отандасы Эррол Спенсті (28-1, 22 КО) тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіп, жарытлай орта салмақта абсолют чемпион атағын жеңіп алды. 

Кроуфорд енді Спенспен қарымта болмайтынын да жазды. Эррол жуырда ота жасатқан еді.

"Эррол, енді бәрін естідім. Бәрі жақсы. Шынын айтқанда, мен осының бәрі біткеніне де қуаныштымын, бәрі артта қалды. Саған бар жақсылықты тілеймін, бауырым". 

Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд екі салмақта негізгі төрт белбеуді иеленген әлемдегі жалғыз боксшы. The Ring журналының тұжырымынша салмағына қарамастан әлемдегі ең мықты боксшы саналады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар