Жарнама

Бокс
Бүгін 11:00
 
Тайсон Фьюриге Джалоловпен жұдырықтасу "керек екені" айтылды

  Пікірлер

blog.share

Тайсон Фьюриге Джалоловпен жұдырықтасу "керек екені" айтылды ©Нұрғали Жұмағазы

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, британиялық Тайсон Фьюри (35-2-1, 24 KO) 16 айлық үзілістен кейін боксқа қайта оралып, ресейлік Арсланбек Махмудовты жеңді. Осы жекпе-жектен кейін сарапшылар "Сыған королінің" келесі қарсыласы кім болатынын талқылай бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Фьюридің келесі қарсыласы кім?

Boxing Scene басылымы Фьюридің ықтимал бес қарсыласының тізімін жасады. Олардың қатарында Өзбекстан боксшысы Баходир Жалолов та бар.

"5. Баходир Жалолов
Рекорд: 16-0 (14 KO)
Жекпе-жектің өту ықтималдығы: 1%
Қызығушылық деңгейі: 6/10

Жалолов - Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы. Ол болашағы зор үміткерлердің бірі саналады, алайда, қарсыластарының деңгейін әлі де арттыруы қажет. Бұл жекпе-жек жүзеге аспауы да мүмкін, бірақ, бойы 201 см болатын Жалолов пен 206 см Фьюридің айқасы өте қызықты болар еді", - делінген мақалада.

Boxing Scene нұсқасы бойынша Тайсон Фьюридің ең ықтимал келесі қарсыласы - оның отандасы Энтони Джошуа. Бұл жекпе-жектің өту мүмкіндігі 75 пайызға бағаланған.

Сондай-ақ, ықтимал қарсыластар тізіміне Агит Кабаел, Фабио Уордли – Даниэль Дюбуа жекпе-жегінің жеңімпазы және Мозес Итаума да кірген.
 
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!