Тайсон Фьюри шаршы алаңға қайта оралу туралы шешім қабылдады

©Reuters

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіне (WBC) карьерасын жалғастыратыны туралы айтты. Бұл туралы Skysports.com порталы хабарлайды. 

Фьюриге 26 тамызға дейін нақты шешім қабылдауға уақыт берген. Кеше боксшы тағы бір жекпе-жек өткізу туралы шешім қабылдағанын айтқан. Оның келесі кездесуі украиналық Александр Усикке (20-0, 13 KO) қарсы болуы мүмкін. Бұл айқас үшін ол 500 миллион фунт стерлинг алады деген ақпарат бар. 

Еске салайық, Усик соңғы кездесуін Энтони Джошуаға (24-3, 22 KO) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесу 21 тамыз күні Сауд Арабиясында болды. Осы кездесуде украиналық WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғап, The Ring белбеуін жеңіп алды. 

Ал Фьюри болса соңғы кездесуін 24 сәуір күні отандасы Диллиан Уайтқа (28-3, 19 КО) қарсы өткізіп, алтыншы раундта нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар