Тайсон Фьюри рингке қандай жағдайда оралатынын айтты

©Reuters

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) рингке қандай жағдайда қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Британиялық кәсіпқой боксшы 500 миллион фунт төлеген жағдай ғана рингке қайта шығады екен.

"Рингке қайта оралуыма тіпті 200 миллион фунттың өзі аздық етеді. Шынымды айтсам жарты миллиард ұсынса боксқа қайта келер едім. Рас айтамын. Карьерамды жалғастыру үшін барымды саламын", - дейді Тайсон.

Еске салайық, Фьюри биылғы жылдың 24 сәуірде Диллиан Уайтпен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport