Аса ауыр салмақта WBC ұйымының чемпионы британдық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) келесі кездесуін міндетті қарсыласы әрі отандасы Диллиан Уайтқа (28-2, 19 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды vRINGe.com порталы.
Бұл айқас сәуір айында Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтуі керек.
Аталған айқас үшін Тайсон Фьюри 29,5 миллион доллар, ал Уайт 7,7 миллион сыйақы алады. Сонымен қатар, кездесуде жеңіске жеткен боксшы тағы қосымша сыйақыға ие болады.
Еске салайық, Фьюри қазан айында соңғы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Деонтей Уайлдерді жеңді. Осы кездесуде ол өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Уайт болса кәсіпқой бокстағы 28 кездесуде жеңіске жетіп (19 нокаут), екі мәрте жеңілген. Ол соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың наурыз айында шығып, ресейлік Александр Поветкиннен айласын асырды.