Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы үшінші кездесудің трансляциясы

©dailypost.ng

Жексенбі, 10 қазан күні таңертең британдық боксшы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер  (42-1-1, 41 КО) арасындағы үшінші кездесу өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. Айқаста Фьюриге тиесілі ауыр салмақтағы WBC белбеуі сарапқа салынды. 

Кездесуді РЕН ТВ арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады. Трансляцияның қалған сілтемелері жекпе-жек жақындағанда жаңартылады. 

Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер осымен үшінші рет жолығады. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа түсірген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: