Супер ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO) кәсіпқой карьерасын жалғастыратынын мәлімдеді, деп жазады "Чемпионат".
2022 жылдың сәуір айында Фьюри шаршы алаңнан кеткендігі жайлы ресми хабарлаған еді.
"Боксқа қайта оралам деп шештім. Себебі аса ауыр салмақта екі трилогия - Деонтей Уйалдермен және Дерек Чисорамен жекпе-жектер өткізгім келеді. Әрқашан кәсіпқой карьерамның соңында Чисорамен айқасамын деп айтатынмын. Не себепті Айзек Лоуды (британиялық кәсіпқой боксшы) бапкер ретінде таңдады дейсіз бе? Себебі осыған дейін Питер Фьюри, Бен Дэвисон және Шугар Хиллмен бірге жұмыс істегенімде ол әрдайым жанымда болды. Бұл әлемде мені Лоудан артық жақсы білетін жаттықтырушы жоқ. Біз мықты командамыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткіземіз", - дейді Фьюри.