Тайсон Фьюри карьерасына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

©ESPN

Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері ұлыбританиялық Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) карьерасын түбегейлі аяқтағаны туралы тағы да айтты, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы. 

33 жастағы Фьюри соңғы кездесуін 35 жастағы отандасы Диллин Уайтқа (28-3, 19 КО) қарсы өткізіп, қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді. "Уэмбли" стадионында өткен бұл айқаста Тайсон өзіне тиесілі белбеуді екінші мәрте қорғап қалды. 

Осы кездесуден кейін Фьюри қаржы жағынан қанша мықты ұсыныс алса да әйеліне шаршы алаңға қайта оралмаймын деп уәде берген. 

"Бұл шындық. Мен шынымен карьерамды аяқтадым. Даңқты римдік қолбасшы айтпақшы, кез-келген уақытта мықты қарсылас табылады. Бірақ дер кезінде тоқтай да білу керек. Мен бақыттымын. Денім сау. Әлі миым істейді. Сөйлей аламын. Әдемі әйелім бар. Алты бала-шағам бар. Ақшам да жетеді. Талай белбеу жеңдім. Танымалмын. Енді шаршы алаңға не үшін шығуым керек?", - деп келтіреді Фьюридің сөзін TalkTV порталы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар