Тайсон Фьюри 2023 жылғы жоспарымен бөлісті

©instagram.com/TysonFury

Супер ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри келесі жылғы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"2023 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Ақпан айында Александр Усикпен қолғап түйістірем. Деонтей Уайалдермен тағы бір рет рингте кездесуге болады. Сонымен қоса, Джо джойс және Даниэль Дюбуалармен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар. Әлі де мен жеңетін британиялық боксшылар бар", - дейді Фбюри Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Тайсон Фьюри отандасы Дерек Чисорамен кездеседі. Бокс кеші 3 желтоқсан күні Лондондағы "Тоттенхэм" стадионында өтеді. Осыған дейін Фьюри 2011 және 2014 жылы Чисорамен қолғап түйістіріп, екеуінде де жеңіске жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар