Тайсон екі мәрте нокдауға түскеніне қарамастан Уайлдерді екінші рет нокаутпен жеңді
Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде аса ауыр салмақтағы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде аса ауыр салмақтағы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесудің бірінші секундынан бастап Уайлдер шабуылға шығып, рингтің ортасын өз бақылауына алды. Фьюри бірінші раундтың соңында ғана қарсыласына екі соққы өткізе білді.
DOWN GOES WILDER ?#FuryWilder3
— Bleacher Report (@BleacherReport) October 10, 2021
(via @trboxing) pic.twitter.com/WMel7FIZHU
Екінші раундты да америкалық боксшы белсенді өткізді. Ал үшінші раунд аяқталар тұста Тайсонның бір соққысы сәтті шығып, Деонтейді нокдаунға жіберді.
Бірақ Уайлдер де бірден жауап берді. Төртінші раундта ол WBC белбеуі иегерін нокдаунға түсірді. Бесінші раунд тең өтсе, жетінші раундта Фьюридің екі-үш мықты соққысы өтті.
Deontay Wilder puts Fury down on the canvas TWICE.
— Top Rank Boxing (@trboxing) October 10, 2021
? THIS TRILOGY ?#FuryWilder3 PPV: https://t.co/VljEbXTzmu pic.twitter.com/K2MUjmoRzV
Оныншы раунда Тайсон қарсыласын тағы нокдаунға жіберсе, 11 кезеңде британиялық боксшы Уайлдерді нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
RD3: Fury drops Wilder
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) October 10, 2021
RD4: Wilder drops Fury, Twice!
What a fight ? #FuryWilder3 pic.twitter.com/1V1JZReiKa
Еске салайық, бұл боксшылар осымен үшінші рет кездесті. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа түсірген еді.
Жарнама