Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

©Тасс

Аңызға айналған Майк Тайсон қазіргі таңдағы ең мықты боксшыны атады. Алайда ол жанкүйерлер арасында өте танымал емес екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тайсон қазіргі бокстың мүлде басқа екенін атап өтті. Қазіргі таңда танымал болғың келсе, тек мықты боксшы ғана болып қоймай, әлеуметтік желіде үлкен қолдауың болу керек екен. Ол жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфордты (39-0, 30 КО) мысал етті.

"Кроуфорд - әлемдегі ең мықты боксшы, бірақ оның жекпе-жегіне 5 мың билет сатылмайды, ал енді Райан Гарсиа сияқты өте танымал болып кеткендер бар, оларды көруге арена лық толады", - дейді Тайсон Joe Budden TV телеарнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар