Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Бангкоктағы жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
19 жасқа дейінгілер арасындағы 80 келі салмақтағы жекпе-жекте Тайбеков түрікменстандық Сапаргелды Нурыягдиевті сенімді түрде жеңді.
Төрешілер бұл кездесуді бірауыздан - 5:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына берді.
Осылайша, Тимур Тайбеков жартылай финалға жолдама алып, кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.
Жарнама