"Таяқ жегенге дейін...". Еуропа чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы

Сурет: mirror.co.uk
Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек алдында әлеуметтік желіде пікірін атақты Майк Тайсонның сөзімен білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әркімде өз жоспары болады, таяқ жегенге дейін...", - деп жазыпты ол Instagram парақшасында.

Қараша айында Головкин міндетті қарсылас Шереметамен АҚШ-та жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Алайда польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски жекпе-жектің шегерілгенін хабарлады. 

Кейінгі рет Головкин рингке 2019 жылы Нью-Йоркте шығып, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген. Осы шоудың кардында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген болатын.
Жаңалықтар