Ташкенттегі ӘЧ: Қазақстандық боксшының Азия чемпионымен айқасына трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 3 мамырда Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан атынан ринге бір ғана боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келіде өнер көрсететін Талғат Сырымбетов 1/16 финалдық айқаста Азия чемпионы, иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехпен жұдырықтасады. 

Б рингіне төртінші жұпта шығатын боксшылардың айқасы 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді. Жекпе-жекті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Интернет трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар