Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістіктері үшін қазақстандық боксшылардың қомақты жүлде қоры анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz..
Финалға 5 қазақстандық боксшы шығып, оның төртеуі алтын жүлде иеленді.
Бұған дейін әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA сыйақысы – әрқайсысына 200 000 доллардан алатыны белгілі болды.
Ташкенттегі турнир чемпиондарына Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) тағы 100 000 доллардан төлейді.
Қазақстан құрамасы боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі гонорары:
1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі категорияда чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).