Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатына Қытай құрамасы сапында қатысқан қазақ Таңатқан Тоқтарбекті жерлестері зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды meta-ratings.kz.
Әлем чемпионатында 80 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Таңатқан Тоқтарбек туған қаласына оралды. Онда боксшыны жақын-туыстары сый-сыяпатпен күтіп алды. Ал жергілікті әкімшілік спортшыға 200 мың юань, яғни 12 млн теңге көлемінде сыйақы берген.
Еске салайық, Тоқтарбек Таңатхан әлем чемпионаты финалында отандасымыз Нұрбек Оралбаймен кездесіп, күміс жүлдені қанағат тұтқан еді.