Ташкенттегі ӘЧ-ден кейін IBA рейтингінде Қазақстан күтпеген орынға шықты

©Instagram/kazakhboxing

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады. Ташкенттегі әлем чемпионатынан кейін тізімде Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. 

Жаңарған рейтингте қазақ боксшылары 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Өзбекстан құрамасы (60 800) болса, үштікті Ресей құрамасы (58 050) түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатында медальдар саны бойынша Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Олар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал екінші орынды 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеген отандастарымыз иеленген еді. 

IBA рейтингіндегі 10 үздік құрама:

1. Қазақстан - 81 000
2. Өзбекстан - 60 800
3. Ресей - 58050
4. Үндістан - 55 500
5. Куба - 45 300
6. Бразилия - 43 400
7. Италия -38 980
8. Түркия - 38 450
9. Мексика - 37 650
10. АҚШ- 34 950. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар