Ташкенттегі ӘЧ-де қазақстандық боксшының айқасы даулы шешіммен бітті

©СДД

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов 1/16 финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

60 келі салмақта Сырымбетов Азия чемпионы, иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехпен айқасты. Үш раунд қорытындысы бойынша иорданиялық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен даулы жеңіске жетті. 

Екінші раундта қазақстандықтың қарсыласы жекпе-жек кезіндегі лас әдістер үшін ескерту алғанын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар