Өзбекстан астансында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жекпе-жектердің бірі үлкен дауға ұласты, деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға 80 келі салмақтағы қырғызстандық Омурбек Бекжигит уулу мен хорватиялық Габэриэл Веочич арасындағы 1/8 финал кездесуінен кейін болды.
Жекпе-жек үстінде төреші қырғыз боксшыға екі ескерту жасады, ал үшіншісінен кейін жекпе-жекті тоқтатып тастады. Осылайша, Бекжигит уулу екінші раундта дисквалификацияға ұшырады, ал жеңісті хорватиялыққа берді.
Алайда Қырғызстан боксшысы бұған қатты наразы болып, төрешілерге саусағын шошайтып, дөрекілік танытты. Ал Хорватия тарапы IBA-ны боксшыны жазалауға шақырды.
"Қырғыз боксшы дисквалификациядан бөлек IBA тарапынан қатаң жазаға лайықты. Италиялық төрешінің беделді шешімінен кейін ол қарсыласының қолын аламады және делегеттарға бірнеше рет ортаңғы саусағын шошайтты!", - делінген Хорватия бокс одағының Instagram желісіндегі жазбада.