Ташкенттегі ӘЧ: бүгін рингке екі қазақ боксшы шығады

©Olympic.kz, Сали Сабиров

Бүгін, 4 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасынан рингке екі боксшы шығады. 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Санатәлі Төлтаев 1/16 финалдық айқасын өткізеді. 63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы маврикийлік Ришарно Колин болады. Бұл жекпе-жек B рингінде өтеді, рет бойынша оныншы жұп. 

Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда 92 келіден аса салмақта Қамшыбек Қонқабаев 1/16 финалдық жекпе-жекте ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасады. Кездесу А рингінде өтеді, боксшылар рет бойынша 13-жұпта. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport