Ташкентте қазылар боксшыны ашықтан ашық "аяқтан шалды"

©NEWS.am Sport

Vahe sport Armenia телеграм арнасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы төрешілерді сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәселе 67 келіде өнер көрсететін армениялық Гурген Мадоян мен моңғолиялық Баттамори Мишиилт арасындағы 1/8 финал жекпе-жегіне қатысты.

"Гурген Мадоянды (67 келі) Ташкентте аяқтан анық шалды.

Гурген екінші раундтан кейін 20-18, 20-18, 20-18, 20-18, 19-19 есебімен басымдықта болды. Бірақ жекпе-жекті қайта қараудан кейін түсініксіз жағдайда жеңіліп қалды. Үшінші раундта нокдаун болған жоқ.

Нәтижесінде есеп моңғолиялықтың пайдасына 3:4. Ал IBA ұйымының жаңа ережесі бойынша бұл аппелацияға жатпайды. Апелляцияға 3:2 есебі болса ғана бере аласыз.

IBA-ның масқара қазылығы жалғасып жатыр!", - деп жазыпты мәлімет көзі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport