Софияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" халықаралық бокс турнирінің финалында қазақстандық Дулат Бекбауов қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келідегі шешуші айқаста қазақ боксшы даниялық Николай Тертерянмен жұдырықтасты. Тартысты үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бөлек шешіммен жеңісті даниялық боксшының еншісіне жазды. Айта кетейік, Тертерян өз елінің бес дүркін чемпионы.
Әзірге Қазақстан қоржынына Махмұд Сабырхан мен Назым Қызайбай алтын салды, сонымен қоса, үш күміс жүлде бар.