Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Шакур Стивенсон (20-0, 10 КО) спорт тарихында лайықты бағасын алмаған боксшыны атады. Стивенсонның ойынша, ол Андре Уорд екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Уордтың лайықты бағасы берілмегені анық. Неге Уорд? Өйткені ол бокстағы жетістіктері үшін толық мойындалған жоқ. Неге олай болды? Өйткені қазір бәрі әлеуметтік желіге байланысты стияқты. Ал шынына келгенде ол бокстың былғары қолғабын кигендер арасындағы ең үздіктердің бірі", - дейді Шакур Bootleg Kev YouTube арнасына берген сұхбатында.
39 жастағы Андре Уорд - Олимпиада алтынын иеленген, екі дивизионда чемпион болған, Super Six турнирінің жеңімпазы. Карьерасын жеңілмеген күйі (32-0, 16 КО) және белбеулер біріктірген чемпион ретінде аяқтады. Жыл боксшысы ретінде мойындалып, Р4Р рейтингінде де көш бастаған.