Бокс
7 қазан 12:21
 

Тарихқа кірген чемпионға жеңілмеген қазақпен айқасу ұсынылды

  Пікірлер

blog.share

Тарихқа кірген чемпионға жеңілмеген қазақпен айқасу ұсынылды ©

Спорт туралы жазатын Sports Illustrated басылымы екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған америкалық Теренс Кроуфордтың (42-0, 31 KO) келесі қарсыласы кім болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Спорт туралы жазатын Sports Illustrated басылымы екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған америкалық Теренс Кроуфордтың (42-0, 31 KO) келесі қарсыласы кім болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қыркүйек айында Лас-Вегаста Кроуфорд екі салмаққа жоғары көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альваресті (63-3-2, 39 KO) жеңіп, абсолют чемпион атағын тартып алған еді.

Осылайша, Теренс үш салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атанған алғашқы боксшы ретінде тарихқа кіріп отыр.

Басылым мәліметінше, енді Кроуфорд орта салмаққа ауысуы мүмкін. Ал бұл дивизионда қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) өнер көрсетеді.

"Орта салмақ Кроуфордқа нақты қарсыластар бар. Бұл дивизион оның табиғи салмағына жақынырақ болғандықтан, екінші ортаға қарағанда ыңғайлырақ шығар.

Boxingscene.com дерегіне сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара титул біріктіретін жекпе-жек өткізуге дайындалып жатыр. Қазіргі таңда Лара орта салмақта WBA титулына ие. Ал IBF және WBO белбеулері Жәнібекте. Ол бұған дейін Кроуфордты айқасқа шақырған болатын.

Үш белбеу иесімен болатын жекпе-жек Кроуфордты орта салмаққа ауысуға қызықтыруы мүмкін. Себебі ол небәрі екі айқаста-ақ бұл салмақта да абсолют чемпион атағын ала алады", - деп жазады басылым.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның желтоқсан айында жекпе-жек өткізу жайлы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Орта салмақтағы төртінші – WBC белбеуі доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!