Тарихқа кірген боксшы Головкиннен нокауттан кейін түбегейлі шешім қабылдады

©Boxing Social

Олимпиада жеңімпазы және кәсіпқойда әлемнің бұрынғы чемпионы жапониялық Риота Мурата карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Japantimes.co.jp басылымына сілтеме жасап.

Мурата Жапония тарихында орта салмақта Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы боксшы болды. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада финалында ол бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңген болатын. Кейін кәсіпқойға өтіп, аталған дивизионда WBA чемпионы атанды. 

"Головкинмен айқас соңғы болатын шығар деп әрдайым ойлап келіп едім. Бұл шешімді қабылдауға көп уақыт керек болды. Менің бокста басқа қалайтыным қалмады", - деді 37 жастағы боксшы бапсасөз мәслихаты кезінде. 

Мурата зейнетке 16-3 рекордымен кетіп барады, оның 13 жеңісі нокаутпен болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport