Тарихи айқас! Екі абсолют чемпион жекпе-жек алдында көз арбасты

©SHOWTIME Boxing

Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) пен америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) көз арбасу рәсімін өткізді. Боксшылар 30 қыркүйек Лас-Вегаста айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бокс тарихындағы абсолют чемпиондар арасындағы алғашқы жекпе-жек.

"Канело" - екінші орта салмақта IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring белбеулеріне ие.

Джермелл Чарло - бірінші орта дивизионда IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдарын жиған.

Бұл кездесу суперорта салмақ лимитінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport