"Тапсырманы орындай алмады". Бас бапкер Махмұд Сабырханның финалда неге жеңілгенін түсіндірді

©AIBA

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатынан кейін әрбір шәкіртіне жеке тоқталып, олардың аяқ алысы жайлы өз пікірін айтты. Бапкердің мәлімдеуінше, Махмұд Сабырханның финалдағы жеңілісіне оның асығып кеткені себеп болған деп жазады Olympic.kz

"Махмұд өте жас спортшы. Өзі әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, финалға дейін сүрінген жоқ. Оның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Белградтағы Махмұдтың өнерін бәріңіз де көрдіңіздер. Ақтық айқасқа дейін ол барлық қарсыласын қоғадай жапырды.

Ал нағыз шешуші сында ол асығып кетті. Асығыстық салдарынан біздің, яғни, бапкерлердің айтқанын тапсырмасын толық орындай алмады. Төрешілер жеңісті қарсыласқа беріп қояды, тезірек жеңуім керек деген ой басым болды онда.

Сондықтан, бұл әлемдік додадан үлкен ой түйгені анық. Махмұд Сабырхан алға қойған мақсаттары биік боксшы. Келесі әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында алтын аламын деп, осы бастан нақты мақсат қойып отыр", - дейді бас бапкер. 

Әлем чемпионатының финалында Махмұд Сабырхан жапониялық Томоэ Цубойда жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар