"Тап бір Мухаммед Әлидей". Әлемнің бұрынғы чемпионы Джошуа жаңа қырынан танылғанын мәлімдеді

11 желтоқсан 2019 10:52
© Eurosport
Жартылай жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазір менеджер және промоутер Барри Макгуиган қарымтада мексикалық Энди Руисті (33-2, 22 КО) жеңген отандасы Энтони Джошуаны (23-1, 21 КО) мақтады, - деп жазады vRINGe.com.

"Меніңше, Джошуа қарымтаны тамаша өткізді, мұнан артық болуы мүмкін емес. Мұндайды ешқашан көрген емеспіз, орындаудағы әмбебаптықты. Джозеф Паркермен аздаған бокс болды, бірақ, мынадай қозғалыс - бұрын болмаған.

Рингте тап бір Мухаммед Әлидей қозғалды. Қолдары осы жолы орнында еді, бірінші раундтан соңына дейін тактикадан бір елі алшақтамай, тәртібін сақтады. Джошуа өзінің тағы бір қырын танытты, бұл мінсіз жұдырықасу еді", - дейді Макгуиган.