Танымал промоутер Головкин мен Мурата айқасына күтпеген болжам жасады
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы дивизионда WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады Fightnews.info порталы.

Арум Головкин мен Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші кездесуді көргісі келетінін айтты. Бірақ алдағы айқаста қазақстандық боксшы Муратадан жеңіліп қалуы мүмкін екенін ескертті.
"Маған Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыру идеясы ұнайды. Бірақ, сәуір айында Мурата Головкинді жеңіп кетсе, таңғалмайтынымды айтқым келеді. Геннадийдің жасы келіп қалды. Ол шаршаған. Ал Мурата болса салыстырмалы түрде жас. Өте мықты боксшы. Сондықтан бұл кездесуде Мурата Головкинді жеңіп кете алады дегенге сенемін", - деді Арум.
Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу әу баста 29 желтоқсанда өту керек еді. Дегенмен ол кезде Жапонияда карантин талаптары күшейіп, шекара жабылып қалды. Енді бұл жекпе-жек 9 сәуір күні Сайтамада өтеді.
Ал "Канело" болса 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласында Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.
Егер бұл жекпе-жектерде GGG-мен Альварес жеңіске жетсе, 17 қыркүйек күні жанкүйерлер олардың үшінші кездесуін көруі әбден мүмкін.
Жарнама