Танымал блогер-боксшы Джей Пол (5-0, 4 КО) UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Андерсон Силвамен (34-11-1) жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бокс ережесі бойынша бұл айқас Глендейл (Аризона штаты, АҚШ) қаласында өтті. Сегіз раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Полға берді. Айта кетейік, кездесудің соңғы раундында Силва нокдаунға түсіп қалды.
Айта кетейік, Джейк Пол соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың желтоқсан айында UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлимен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Ол кездесудің алтыншы раундында блогер қарсыласын нокаутқа жіберді. Жалпы Джейктің еншісінде кәсіпқой бокта бес жекпе-жек бар. Ол барлығында жеңіске жеткен.