Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнирде финалдық айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
60 келі салмақта өнер көрсететін Талғат алтын үшін айқаста ринг қожайыны Азрак Бабировпен бетпе-бет келді. Бұл кездесуде төрешілердің бөлек шешімімен қазақ боксшы жеңіске жетті.
Ал бұған дейін Тимур Қабдешов (54 кг) пен Теміртас Жүсуіпов (48 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді.