Қазақстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде тағы бір жүлде иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қола жүлдені Тимур Тайбеков қамтамасыз етті. Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында вьетнамдық Тронг Тиен Нгуенді жеңді. Тайбеков бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді де, екінші раундтың басында тағы бір мәрте есеңгіретті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Хамза Мақсатұлы (75 кг) да жылдам нокауттың арқасында жартылай финалға жолдама мен кемі қола жүлдеге жеткен еді.