"Талдыра саламын". Жеңілмеген әлем чемпионы Ломаченкомен титулды жекпе-жек туралы

Сурет: Aus-Boxing.com
Жеңіл салмақта IBF чемпионы америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 KO) осы дивизионда WBA және WBO титулдарына ие украиналық Василий Ломаченконы (14-1, 10 KO) оңай жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды sports.ru

"Біраз жұдырықтасып жүре алам, талдыра салсам да болады. Қалағанымды істеймін. Жеңіл және бірінші жартылай орта салмақта жігіттердің бәрі мені жекпе-жекке шақырады. Менің тізімімде Ломаченко бірінші болады, сондан кейін қалғандарына кірісемін. Ломаченко туралы сөйлескілерің келе ме? Рингте не болатынын тамашалаңыздар", - дейді Лопес. 

Бастапқыда Ломаченко - Лопес жекпе-жегі 30 мамырда өту керек еді, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.