Бокс
1 қазан 2021 13:02
 

Талай сұмдықтың беті ашылды. Қазақстандық боксшы Олимпиадада жемқорлар құрбаны болған

  Пікірлер

blog.share

Талай сұмдықтың беті ашылды. Қазақстандық боксшы Олимпиадада жемқорлар құрбаны болған ©Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін тәуелсіз тергеу қорытындысы қазақстандық боксшы Василий Левит сыбайлас жемқорлық құрбаны болғанын дәлелдеді. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлады.

blog.share

Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін тәуелсіз тергеу қорытындысы қазақстандық боксшы Василий Левит сыбайлас жемқорлық құрбаны болғанын дәлелдеді. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлады.

Профессор Ричард Макларен соңғы үш айда Олимпиададағы төрешілер шешімдерін зерттеп, 149 беттен тұратын баяндама жариялаған. Онда алтын жүлделер үшін бірқатар жекпе-жекті жемқор шенеуніктер мен қазылар пара алу арқылы өз ойындағыдай бұрмалаған.

 Басылым мәліметінше, тексерілген жекпе-жектер арасында қазақстандық Василий Левиттің 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Евгений Тищенкомен кездесуі де бар. Онда ресейлік Евгений Тищенко жеңіске жеткен еді.

Тергеу жеребе мен нәтижені манипуляциялау іріктеу циклінде және Олимпиаданың негізгі турнирі барысында қайталанғанын көрсетті. Сонымен қатар, 2012 жылғы Лондон ойындарындағы бокс турнирінде де сыбайлас жемқорлық орын алды деген күдік бар.

"Ақша, AIBA-ның пайдасы немесе ұлттық федерациялар мен олардың олимпиадалық комитеттеріне, жарыс ұйымдастырушыларына қаржылық және саяси қолдау үшін жекпе-жек нәтижелері өзгертілген. Бүгінде жүргізілген тергеу мұндай манипуляция кезінде алты таңбалы сома жүрген деген қорытындыға келді. Тергеу кезінде табылған дәлелдер нақты", - делінген хабарламада.

Құжатта Йока мен Тищенконың нәтижесі турнир бойы көтермеленгені айтылады. Бұны боксшылар білген-білмегені туралы ақпарат жоқ. Күмәнді жекпе-жек саналғандардың ішінде Тищенконың итальялық Клемент Руссоны жеңген кездесуі де бар.

Маклареннің бұл есебі AIBA ісі бойынша жоспарланған үш есептің біріншісі, тағы екеуі қазанда және наурызда шығады. Тергеу жүргізуді AIBA-ның қазіргі басшысы Умар Кремлев тапсырған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!