Бокс
28 мамыр 2019 17:33
 
"Таласам, шайнап тастаймын". Қазақстандық нокаутшы өзінен ірі қарсыласы жайында

  Пікірлер

blog.share

"Таласам, шайнап тастаймын". Қазақстандық нокаутшы өзінен ірі қарсыласы жайында © Esther Lin/Showtime

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) анедркартындағы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді.

Эюбовтың ойынша, оны "анедрдог" ретінде қарастырып отыр, бірақ, қазақстандық боксшы өзінен күштірек Брайан Себальоны (8-0, 4 КО) жеңу жолын білетінін айтады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

"Жекпе-жегім GGG андеркартында өтеді. Біздің үлкен чемпионның. Бұрын жұдырықтаспаған салмақта кездесу ұсынылды. Әдеттегіден ауырлау. Қарсылас та ірірек, бойы 180 см. Салмағы да артық... Бірақ келістім, өйткені бұл мүмкіндік. Несін күтемін? Оның үстіне жекпе-жек "Мэдиссонда" өтеді. Ал мен бала күнімнен Тайсон, Фрезер және Әли сияқты аңыздардың сол жерде жұдырықтасқанын көріп өскенмін. Енді міне өзім де сонда өнер көрсетемін. 

Келістім. Бокста қалай: қызыл бұрыштан шықсаң - үміткерсің, егер көктен шықсаң - жеңілетін үміткерсің. Маған көк, ал оған қызыл бұрышты берді. Менеджері мықты, промоутері де. Өзі де күші мығым боксшы. Мені жеңетініне сенімді. Сондықтан қарсылас қылып таңдады. Бұлай жұдырықтасқандар көп. Мэнни Пакьяо және басқалары. Сосын олар үміткерлерді жапырып өтетін. Ал мен үміткер ретінде шығамын да, чемпион боламын. 

Қарсыласым ірі, бірақ, мен жұдырықтасамын, тістесемін, шайнап тастаймын. Мен - ыңғайсыз боксшымын. Бокс мәнерім кімге болса да ыңғайсыз, сонымен жеңем. Қарсылас қанша ірі және күшті болғанымен, психолгиялық тұрғыда мен мықтымын. Жекпе-жекке дайынмын. Қарсыласым үлкен, алайда, үлкен заттың құлауы жаман. Головкин андеркартында жұдырықтасу үлкен мәртебе", - дейді Эюбов. 

Еске салайық, Бахтияр Эюбов Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасатын үшінші қазақстандық. Андеркарттың тағы бір қатысушысы суперорта салмақта жұдырықтасатын Али Ахмедов (14-0, 10 КО).

Жарнама

Живи спортом!