"Таланттар көп, бірақ...". Ресейлік сарапшы Головкин жетістігіне жете алатын қазақстандықтар туралы

23 қыркүйек 2020 08:14
Сурет: Sportbox

Қазақстанда Геннадий Головкин жетістігін қайталай алатын боксшы әзірге жоқ. FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. 

"Жас боксшыларды төмендеткенім емес, бірақ, Головкин сияқты әлемдік боксты дүркірететін кәсіпқой Қазақстанда жақын арада бола қоймайтын сияқты. 

Әлбетте, талантты жігіттер жетерлік, дегенмен, одан бөлек харизма мен қайсар мінез керек. Ал талант, харизма мен мінез жиынтығы бір адамның бойынан жиі кездесе бермейді", - дейді Стангрит.