Қазақстандық Махмұт Сабырхан Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан ӘЧ финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгінгі 1/2 финал жекпе-жегінде 54 келіде өнер көрсететін Махмұт кубалық Йосвани Вейтиамен айқасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.