29 қазанда Ұлыбритания астанасы Лондонда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Мұнда жеңіліс көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) Доминикан Республикасының өкілі Хуан Карлос Абреумен (23-6-1, 21 КО) кездеседі.
"Жалпы Тұманды Альбионға келіп жаттығуды бастағаныма бір ай болды. Бұйырса айдың соңына дейін толыққанды бабыма келіп үлгеремін. Жаттығу қызу жүріп жатыр. Спарринг қарсыластарыммен жұмыс істеп жатырмын. Доминикандық боксшымен рингте кездесемін. Оның соңғы жекпе-жектерін көріп шықтым. Тәжірибелі, біраз жылдан бері кәсіпқой рингте жүрген былғары қолғап шебері екен. Құдай қаласа алдағы кездесуге жақсы дайындықпен келемін", - дейді Құлахмет Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет пен Хуан Карлос Абреу арасындағы айқаста жерлесімізге тиесілі бірінші орта салмақта WBC International белбеуі сарапқа салынады.