"Тәжді қайтару". DAZN серіктесі Головкинге қандай мүмкіндік туғанын айтты

© DAZN
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

GGG рингке 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына оралады. Бұл жекпе-жекте Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде орта салмақта IBF белбеуі сарапқа салынады.

"Олар мұны Big Drama Show деп атауда, бұл расымен жанкүйерлердің 5 қазан Madison Square Garden мен DAZN-де тамашалап, ләззәт алатын оқиға болмақ. Геннадийге орта салмақтағы чемпиондық тәжін қайтару мүмкіндігі туып тұр, ал Сергей бұл кешті жандандыра түседі. Бұл шайқаста олардың стильдері тамаша көрінуі тиіс. "Бокс Меккесіндегі"  ғашайып оқиғаның болуын тағатсыздана күтеміз", - деп хабарлайды Хирн.