Қазақстан құрамасының мүшесі 91 келі салмақтың өкілі Айбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық дербиде Оралбай тағы бір отандасымыз Сағындық Тоғамбайдан басым түсті.
Бірінші раундта 3:2 есебімен Айбек Оралбай алға шықса, екінші раундта Оралбай 4:1 нәтижесін тіркеді. Шешуші кезеңде төрешілер Тоғамбай 1:4 есебімен жеңді деп бағалады. Алайда жалпы есепте 4:1 есебімен Оралбай жеңіске жетті.
Еске салайық, осыған дейін аталмыш жарыста 57 келіде Серік Теміржанов пен 81 келі салмақта Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды. 75 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Аятолла Тәкежанов турнирдің қола жүлдесін иеленді.