Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) мен Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 KO) арасындағы үшінші кездесу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com. Промоутер төрешілер шешіміне таң қалуда.
Лас-Вегаста өткен үшінші кездесу мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
"Бұл кеште екі аңыз, екі ұлы спортшы кездесті. "Канелоның" жеңісін көру бәрімізге ұнады. Ал Головкин кездесудің бірінші бөлімінде барын салмағанына өкінген де шығар деп ойлаймын. "Канело" бастапқы раундтарда керемет өнер көрсетті, оның әр қимылы естен кетпестей болды.
Жекпе-жек барысында "Канело" қолын сындырып алған сыңайлы. Ол жеңіске лайық болды деп ойлаймын. Менің есебімше, 9-3 болды. Алайда Головкин кездесуді жақсы аяқтады. Төрешілер шешімі? Иә, ол үлкен айырмашылықпен жасалмады. Тағы бір раунд болғанда тең нәтиже болар еді", - дейді Хирн.
Естеріңізге сала кетейік, осы жекпе-жек нәтижесінде мексикалық екінші орта салмақтағы өзінің IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдарын сақтап қалды.