"Тағы шулатамыз". Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі туралы құлақтандырды

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Instagram желісі арқылы жанкүйерлерін келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды,-деп хабарлайды Vesti.kz.

"Амансыздар ма, жанкүйерлер! Команда кезекті жекпе-жекке дайындықты бастады. Уақыты мен күні жақында белгілі болады. Біз тағы шулатамыз, бұйыртса!" - деп жазыпты ол.

Еске салайық, қазан айында қазақ боксшы аргентиналық Гонсало Корионы екінші раундта сұлатқан.

Жәнібекте екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар. Мұның алдында Әлімханұлы америкалық Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырып, 2021 жылы өзге де чемпиондармен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген.