Қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы бокстан Странджа кубогі-2025 халықаралық турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Болгарияда өтіп жатқан және кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыстың 1/8 финалы кезеңінде қазақстандық боксшы грузиялық Саба Ткебучавамен жекпе-жек өткізді.
Үшінші раундқа дейін Мұхамедсабыр басымдығын көрсетті. Ал үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.
27 ақпандағы ширек финалда Базарбайұлы ирландиялық Джейсон Невинмен жұдырықтасады, ол өз кезегінде бірінші кездесуінде қытайлық Мей Лу Наны жеңген болатын.